ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

Search
Close this search box.

Жаман Арғанаты, Жақсы Арғанаты

Көне Аңыз-әпсаналар » Жаман Арғанаты, Жақсы Арғанаты

(Дереккөз: Келгембаева Бақытжан. Ел мен жер тарихы: оқу құралы. –  Өскемен: Медиа-Альянс, 2005. – 168 б.)

 

Бұрынғы заманда Тарбағатай өңірінде Шойтемір деген бай болыпты. Бір жылы жұтта байдың бес мың жылқысына қырылып қалу қаупі төнеді. Сол кезде бай жылқыларын екіге бөліп, қатар тұрған екі тауға қыстатуға ұйғарады. Байдың есепсіз малы екі тауды қыстап шығады. Келесі жылы наурыз аяқтала малын білуге келген байдың бірінші таудағы жылқыларының төрттен бірі қырылып, аман қалғаны арықтап қалған екен. Сондықтан осы Шығыс жақтағы тауды «Арыған ат», «Арғанаты», «Жаман Арғанаты» деп атап кетеді. Ал батыстағы тауды қыстаған жылқысы дін аман шығыпты, әрі күйлі болса керек. Сондықтан осы тауды «Жаман Арғанатыға» сәйкес «Жақсы Арғанаты» деп атайды.

Сұрақ немесе
ұсыныс бар ма?

Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз