© 2025. anyz.pushkinlibrary.kz Барлық құқықтар сақталған.
Экраннан оқу құралы
Жалғыз терек Самар ауданының Жаңажол ауылының солтүстік батысында екі жүз шақырымдай жерде, негізгі жол бойында орналасқан. Оның биіктігі 18-20 метрдей, діңінің жуандығы 3 метрдей болады. Жаңажол ауылы алғаш құрыла бастағанда, ағаш тұрған жерге Кәйен деген адам бір қазық қаққан дейді. Келесі жылдың көктемінде жаңбырдың суынан ба, әлде қардың ба, әйтеуір сол қазық жаз шыға салысымен жусанның бойымен бірдей талға айналады. Бұл талда ешкімнің де шаруасы болмапты. Адамдар бұл теректі жаз айларында қурап қалмасын деп, жақын маңдағы ағып жатқан Еспе өзенінен су алып келіп, суарып отырған. Жергілікті тұрғындар бұл терекке ерекше қараған. Ол жалғыз өскен. Сондықтан, ауыл адамдары бұл теректі «Жалғыз терек» деп атап кеткен. Жалғыз өссе де, жылдан-жылға құлпырып, жайнап, үлкейе түседі. Жалғыз ағаш адамдарға пана, демалатын орынға айналады. Үлкен ата-әжелеріміздің айтуы бойынша: «Кәйен деген адамның баласы болмапты. Сол себепті ол артынан бір із қалсын деп ағашты егіпті». Ауыл тұрғындарының болжауы бойынша, жалғыз теректің өскеніне жүз жылдай уақыт болған.
© 2025. anyz.pushkinlibrary.kz Барлық құқықтар сақталған.
Экраннан оқу құралы
Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз